Австралияның оңтүстік-шығысында алапат құмды дауыл соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияның оңтүстік-шығысында алапат құмды дауыл соқты

22.11.2018

Австралияның оңтүстік-шығысында ені 500 шақырымға созылған алапат құмды дауыл соқты. Осыған байланысты авиациялық сапарлар доғарылып, тұрғындардың денсаулығына қауіп төнгені ескертілді. Дәрігерлер ондаған адамның тыныс алуы қиындағанын мәлімдеп, әсіресе, балалар мен қарттарды үйден шықпауға үндеді. Ал, Жаңа Оңтүстік Уэлс штатының бірқатар аудандарында шаң-тозаңның кесірінен жолдар көрінбей қалған. Құйын ел астанасы Канберраға да жетеді деген болжам бар. Бұл дауылға сұрапыл желдің кей жерлердің топырағын сыпырып әкетуі себеп.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу