Сидней алапат дауылдан зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сидней алапат дауылдан зардап шекті

08.09.2023

Австралияның ірі қаласы Сиднейде алапат дауыл соғып, қатты жаңбыр жауды, ағаштар құлап, көлшіктер зақымданған. Бұған қоса, қаланың ішкі рейстерге арналған әуежайы авиациялық сапарларды доғаруға мәжбүр болды. Ал жолаушыларға ұшақтардың кешігетіні немесе ұшпайтыны алдын-ала ескертілген.

Жаңа Оңтүстік Уэлс штатының Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, соңғы тәулікте бұл агенттікке 200-ден астам адам көмек сұрап хабарласыпты.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу