Тегеранда құмды дауыл соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегеранда құмды дауыл соқты

03.06.2014
Тегеранда құмды дауыл соқты
Иран астанасы Тегеранда сұрапыл құмды дауыл соғып, 4 адамды мерт қылды. 40-қа жуық тұрғын жараланған. Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен соққан желден шаһарды лезде шаң-тозаң басты.
 
Күшті жел ағаштарды құлатып, үй терезелерін сындырған. Кейбір аудандарда электр жарығы мен ғаламтор байланысы үзілді. Қазір Тегеранда жағдай қалпына келіп, көшелердегі қозғалыс жанданды, әуежай да жұмыс істеп тұр.
 
Құмды дауыл елдің бұдан басқа бірнеше қаласында көтерілген. Бұл жерлерде төтенше жағдайлар тіркелген жоқ. Дегенмен, синоптикердің болжамынша, қолайсыз ауа-райы тағы бір тәулікке созылуы мүмкін. 
 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу