Австралияда құмды дауылдан 5 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда құмды дауылдан 5 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды

07.02.2019

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының бірнеше қаласында төтенше жағдай болды. Бареллан, Темора және Ариа Парк қалаларында құмды дауыл соғып, соның салдарынан 5 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалған.

Тұрғындардың сөзінше, тапа-тал түсте айнала кенеттен қараңғыланып, күн батқандай әсер қалдырған. Құмды дауылдар бұл өңірлерде жиі болып тұрғанымен, куәгерлер осындай қорқынышты құбылысқа алғаш рет куә болғандарын айтады. Дауыл соққы берген қалалар қазір біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу