Құрама Штаттар Мексикамен арадағы шекараға 15 мың сарбаз жіберуі мүмкін. Мұны президент Дональд Трамп мәлімдеді. Пентагон болса, оңтүстік шекараны тұрақты күзететін 7 мың жауынгерді дайындап қойған.
Трамп Орталық Америкадан, соның ішінде, Гондурас пен Сальвадордағы кедейшілік пен зорлық-зомбылықтардан қашқан мигранттарды елге кіргізуге қарсы. Дегенмен, кейбір сарапшылардың пікірінше, Трамп осындай анти-иммиграциялық позициясымен келесі аптада конгреске өтетін аралық сайлау қарсаңында ұпай жинағысы келеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.