Тергеушілер Стамбулдағы Саудия консулдығын тінтуді жалғастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тергеушілер Стамбулдағы Саудия консулдығын тінтуді жалғастырды

18.10.2018

Түркияда тергеушілер Стамбулдағы Саудия консулдығын тінтуді жалғастырды. Олар дипломатиялық нөмірі бар көліктерді тексерген. Бұған қоса, ғимарат ішіне жарық түсіріп, мұқият қарап шықты. Бұған дейін полиция консулдыққа дүйсенбіде кірген еді. Олар қазанның екісінде осы ғимаратқа кіргеннен кейін жоғалып кеткен Джамаль Хашоггиді іздестіріп жатыр. Түркия билігінің пікірінше, саудиялық журналист консулдық ішінде азапталып өлтіріліп, кейін оның денесі шығарылған. Сәрсенбіде тергеушілер Саудия консулының резиденциясын, оның шатыры мен көлік тұрағын тінтіп, аумаққа дрон ұшырған. Кеше Саудия корольдігі мен Түркияда болған АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео журналистке қатысты нақты мәлімет апта соңына қарай белгілі болатынын мәлімдеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу