Қажылық кезінде жаңбыр құйды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қажылық кезінде жаңбыр құйды

13.08.2019

Сауд Арабиясында қажылықтың екінші күні жаңбыр құйды. Соған қарамастан, мұсылмандар үш қабатты көпірдің үстінен шайтанға тас ату рәсімін тоқтатқан жоқ. Бүгін олар Жамаратқа қайта барып, осы дәстүрді қайта жалғастырды. Содан кейін қажылықты аяқтау үшін жамағат Меккеге оралып, Ұлы мешітте намаз оқиды.

Айта кетсек, 2004-2006 жылдары Жамаратта аяқ астында тапталып жүздеген адам қаза тапты. Ал, 2015 жылы 800-дей мұсылман мерт болған. Сондықтан Саудия үкіметі бұндай қайғылы оқиғаларға енді жол бермеу үшін миллиардтаған доллар жұмсап, қажылықтың инфрақұрылымын кеңейтіп, көпшілікті бақылау технологиясын жаңартты.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу