Таиландта 4 баланы құтқару үшін үңгірге 19 дайвер енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиландта 4 баланы құтқару үшін үңгірге 19 дайвер енді

10.07.2018

Таиландтың солтүстігіндегі Тхам Луанг үңгірінде қалған 4 бала мен олардың жаттықтырушысын құтқаруға 19 дайвер аттанды. Осыған дейін 8 бала шығарылып, ауруханаға жеткізілді. Олар инфекция қаупі жойылғанша, ата-аналарымен кездесе алмайды.

11-16 жас аралығындағы 12 бала мен 25 жастағы жаттықтырушы маусымның 23-де үңгірді аралауға кірген. Алайда, жаңбыр құйғанда, ішке топан су кіріп, олар әрі қарай 4 шақырымға кетіп қалған. Жас футболшылар командасын британдық дайверлер өткен аптада тауып алды.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу