Қазір әлем назары Таиландта. Мұнда екі апта бойы жартылай су басқан үңгірде отырған балалардың төртеуі құтқарылды. Олардың барлығының жағдайы жақсы. Қазір құтқарылғандар ауруханаға жеткізілді. Ал, қалған 8 бала мен олардың футбол жаттықтырушысын шығару бойынша операция бүгін қайта жалғасты. Сонымен бірге, үңгірдегі балалардың қасына австралиялық дәрігер барған екен. Сүңгуірлер акваланг киген балаларды бір-бірлеп су астымен шығарып алып жатыр. Ең бастысы, балалар үрейге бой алдырмай, өздігінен қозғалыс жасамауы міндетті. Сол себепті, мамандардың сөзінше, аталған операцияның қаупі көп. Бұған қоса, балалардың барлығын құтқаруға нақты қанша уақыт кететінін белгісіз.
Дегенмен, нөсерлі маусым кезінде үңгірді толықтай су басу қаупі басым болғандықтан, оларды барынша жылдам шығарып алу қажет. Құтқару операциясына тай дайверлеріне бірнеше елден барған сүңгуірлер көмектесіп жатыр. Барлығы - 90 дайвер.
Айта кетсек, бұған дейін үңгірден балаларды шығармақ болған бір сүңгуір қаза тапты.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.