Нидерландта фургон концертте адамдарды қақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерландта фургон концертте адамдарды қақты

18.06.2018

Нидерландта көлік музыкалық фестивальде адамдарды қақты. Соңғы мәліметке қарағанда, 1 тұрғын қаза тауып, үшеуі жараланған.

Алаңға 70 мыңдай адам жиналған. Оқиға Германия мен Бельгия шекарасы маңындағы Ландграаф деген қалашықта болды. Машина адамдарды концерт өтіп жатқан жердің шыға берісіндегі көшеде соққан.

Қазір «ФиатДобло» фургоны іздестіріліп жатыр. Сонымен қатар, тергеу басталған.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу