«Amstel Gold Race». «Астана» командасы - 11-орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amstel Gold Race». «Астана» командасы - 11-орында

20.04.2015
«Amstel Gold Race». «Астана» командасы - 11-орында

Нидерландта өткен «Amstel Gold Race» біркүндік веложарысы мәресіне жетті.

50-ші мерейтойлық бәсекенің жеңімпазы - бельгиялық «Etixx-Quick Step» командасының шабандозы Михал Квятковский.

258 шақырымға созылған қашықтықтың мәре сызығына екінші болып испандық Александр Вальверде жетсе, үшінші орын австралиялық Майкл Мэттьюзға бұйырды.

«Астана» велокомандасы жалпыкомандалық есепте - 11-орында.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу