Солтүстік Кореяда туристік автобус көпірден құлап, 36 адам қаза тапты. CCTV-дің дерегінше, құрбандардың 32-сі - қытайлық саяхатшылар, қалған төртеуі жергілікті «жұмысшылар». Мұны Қытайдың Сыртқы істер министрлігі растап отыр. Оның мәлімдеуінше, қайғылы оқиға орнына елшілік өкілдері барды.
Апат Пхеньянның оңтүстігіндегі Хванга провинциясында болды. Автобус Сары теңіз бойындағы автомагистраль бойымен жүріп келе жатқанда оқыс оқиғаға душар болған.
Айта кетсек, Солтүстік Кореяға негізінен қытайлықтар көптеп барады. Ал, коммунистік мемлекетке сапар шегетін Батыс елдері саяхатшыларының саны жылына 5 мыңнан аспайды.
Мадина РАХЫМБЕК