Солтүстік Кореяда дәрі-дәрмек жеткізуге әскерилер тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда дәрі-дәрмек жеткізуге әскерилер тартылды

18.05.2022

Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 232 мыңға жетті. 6 адам қайтыс болған. Елде вирус тарап жатқаны туралы ақпарат өткен аптада тарай бастады. Содан бері инфекция 1 миллион 720 млн адамнан анықталған. Ондаған тұрғын қаза тапты. Бастапқыда індет «белгісіз безгек» деп аталып, кейін оның коронавирус екені расталды. Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын тұрғындарға вирусқа қарсы дәрі-дәрмекті жеткізу үшін әскерилерді жұмылдыру туралы шешім қабылдады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу