АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығуға 230 ұшақ қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығуға 230 ұшақ қатысады

04.12.2017

Бүгін АҚШ пен Оңтүстік Корея өз тарихында ең ауқымды әуе жаттығуын бастады. Ол Корей түбегі аспанында желтоқсанның 8-не дейін жалғасады. Маневрларға 230-дай жойғыш ұшақ қатысады. Солардың қатарында Американың әйгілі F-22 Раптор ұшақтары да бар. Сондай-ақ, Пентагон бұл шараға 12 мыңдай жауынгері мен офицерін жұмылдырып отыр. 

Бұған дейін америкалық сенаторлардың бірі Солтүстік Кореямен арада жанжал басталуға жақын екенін ескертіп, АҚШ әскерилерінің отбасыларын Оңтүстік Кореядан түгел көшіруге шақырды.

Айта кетсек, бұл жаттығулар Солтүстік Корея халықаралық санкциялар мен айыптауларды ескерместен, құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағаннан кейін бір апта өткенде ұйымдастырылып отыр. Оның мақсаты – одақтас екі ел әуе күштерінің соғысқа әзірлігін күшейту.

Мун Сан-Гюн, Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Оңтүстік Корея әуе күштері қолбасшылығы мен Құрама Штаттардың әуе күштері бірлесіп, «Қырағы ұшқыш» жаттығуын бастады. Оның мақсаты – екі елдің соғыс кезіндегі операцияларға қабілеттілігін жақсарта түсу.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу