Матыбұлақ полигонында әскери оқу-жаттығу аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Матыбұлақ полигонында әскери оқу-жаттығу аяқталды

31.03.2017

Қазақ әскерлері лаңкестерге қарсы тұрды. Бүгін Жамбыл облысындағы Матыбұлақ әскери полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің сарбаздары қарулы топқа төтеп берді.

Оқу-жаттығу кезінде шекараны бұзып өткен содырларға тосқауыл қойылып, арнайы тәсілдер іске асырылды. Шара он күннен бері өтіп жатыр. Осы уақыт аралығында жаттығуға 4 мыңнан аса әскери қызметші, 600 техника, 2 мыңнан астам атыс қаруы және 12 ұшақ пен тікұшақ қолданылды.

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу