Солтүстік Кореяда тыңшы спутник ұшырылғалы жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда тыңшы спутник ұшырылғалы жатыр

19.04.2023

Солтүстік Корея тыңшы спутнигін ұшыруға дайындалып жатыр. Бұл осындай мақсаттағы тұңғыш жерсерігі. Бұған дейін Ким Чен Ын аталған аппараттың биыл сәуірде сынақтан өткізілетінін айтқан еді. Пхеньянның мәлімдеуінше, тыңшы аппарат елдің қауіпсіздігі үшін қажет. Бұған әсіресе АҚШ пен Оңтүстік Корея арасында әскери ынтымақтастықтың артуы түрткі болып отыр. Соңғы кездері екі ел арасында бірлескен жаттығулар өткізу жиілегені белгілі, және олар түрлі маневрлардың Пхеньяннан төнген қауіптен қорғану үшін қажет екенін де айтып келеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу