Солтүстік Корея армиясы оңтүстікке зымыран атып, сынақтан өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея армиясы оңтүстікке зымыран атып, сынақтан өткізді

02.11.2022

Бүгін таңертең Солтүстік Корея тағы да зымыран атты. Ракета алғаш рет Оңтүстік Кореяның үстінен өтіп, оның теңіз жағалауында орналасқан Сокчо қаласынан 60 шақырым жерге құлаған.

Бұған жауап ретінде Сеул Солтүстікке қарай 3 ракета жіберді. Дегенмен кейінірек Оңтүстік Кореяның Бірлескен штаб қолбасшылығы Пхеньянның бір емес 10 зымыран атқанын хабарлады. Ядролық қаруға ие Солтүстік Корея биыл рекордтық көлемде ракета сынады. Сеул мен Вашингтонның мәлімдеуінше, бұл мемлекет 2017 жылдан бері алғаш рет атомдық арсенал сынауға техникалық дайындықты толық аяқтап отыр.

Айта кетсек бірер күн бұрын Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстік Кореядан аймақта кең ауқымды әскери жаттығу өткізуді доғаруды талап етіп, мұндай «арандатушылыққа» төзе алмайтынын ескерткен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу