Ұлыбританияда терактіге қатысы бар деген күдікпен тағы 2 адам ұсталды. Осылайша, тергеу амалдары барысында 10 кісі тұтқындалып отыр. Бір әйел кепілдікпен босатылған.
Сонымен қатар, бүгін шабуыл құрбандарының саны 5-ке жетті. Қайтыс болған бесінші адам Лондонның 75 жастағы тұрғыны. Соңғы мәліметтерге қарағанда, жараланғандардың дені әлі ауруханаларда. Олардың екеуі ауыр халде.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ