Ақтөбе облысындағы тас жолда болған қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары бір айға ұзартылды

25.04.2018

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тұсындағы тас жолда болған қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары тағы бір айға ұзартылды. Ақтөбе қалалық №2 соттың шешімімен автобус жүргізушілері Таңатов, Пернебеков, Қырғызбаевтарды қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға созылды. Алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде. Еске сала кетейік, 18 қаңтар күні «Самара-Шымкент» тас жолында Өзбекстан азаматтары мінген автобус өртеніп, 52 адам мерт болды. Тілсіз жаудан үш жүргізуші мен екі өзбек азаматы аман қалды. Ал, қаңтардың 24-і жүргізушілер күдікті ретінде ұсталды. 

Анар Айтжанова, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

- Ақтөбе қаласының №2 сотының 2018 жылғы 21 сәуірдегі қаулысымен Қырғызбаевқа, Таңатовқа, Пернебековке қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы ағымдағы жылдың 24 мамырына дейін ұзартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Хабарламаларға жазылу