Манчестердегі терактіге қатысты тағы 3 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Манчестердегі терактіге қатысты тағы 3 адам ұсталды

24.05.2017

Осылайша, тергеу барысында тұтқындалғандардың саны 4-ке жетті.  Қолға түскендердің бірі – 23 жастағы ер адам. Ол - жанкештінің ағасы. Елдің Ішкі істер министрінің хабарлауынша, қалаларға қосымша 3800 жауынгер қауіпсіздікті бақылауға жіберілмек. Ресми мәліметтерге қарағанда, Ұлыбританияда жыл басынан бері 13 терактінің алды алынған. Естеріңізге салсақ, дүйсенбіде «Манчестер аренада» әнші Ариана Гранденің концерті кезінде жанкешті өзін-өзі жарып жіберген еді. Жарылыстан 22 адам опат болды, 60 шақтысы жараланды. Қаза тапқандардың ішінде балалар да бар. Оқиға үшін жауапкершілікті «ДАИШ» радикалдық тобы мойнына алды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу