Австрияда қар көшкінінен германиялық 3 шаңғышы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австрияда қар көшкінінен германиялық 3 шаңғышы қаза тапты

14.01.2019

Тағы біреуі жоғалып кеткен. Қазір Лек деген қысқы курорт маңында ізім-қайым кеткен 28 жастағы адам іздестіріліп жатыр. Олар қардан төнген қауіп алдын ала ескертілсе де, шаңғымен серуендеуге шыққан.

Австрияның Альпі тауына өткен аптада қар өте көп түсті. Сондықтан, бұл аймақта жолдар жабылып, қауіп деңгейі бесінші санатқа көтеріліп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу