Бейжің тұрғындары лайда футбол ойнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжің тұрғындары лайда футбол ойнады

27.06.2014
Бейжің тұрғындары лайда футбол ойнады
Бейжің тұрғындары футболды көгалда емес, лайда ойнады. Бұл матчтың мақсаты - үздік команданы анықтап, оны сенбі-жексенбі күндері Шотландиядада өтетін дүниежүзілік чемпионатқа жөнелту.
 
Турнирде 4 құрама бақ сынап жатыр. Олардың әрқайсысы 6 адамнан жасақталған. Доп қуғандар ішінен әйелдерді де кездестурге болады.
 
Ойыншылардың кейбірінің пікірінше, Қытай футболшылары кәдімгі Әлем чемпионаттарында да топ жара алмай жүр. «Үш миллион халқы бар Уругвай күшті команда құрды.
 
Ал, миллиардтан астам тұрғыны бар Қытай футболшылары тым болмаса Азияда неге көш бастамайды», - дейді ойынға қатысушылардың бірі.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу