Алматы облысының әкімі балалармен футбол ойнады (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының әкімі балалармен футбол ойнады (ФОТО)

14.05.2016
Алматы облысының әкімі балалармен футбол ойнады (ФОТО)

Фестивальді «Жетісу» кәсіби футбол клубы қалалық және облыстық әкімдіктердің қолдауымен ұйымдастырды.

Фестивальде балалар футбол орталығының шәкірттерінен құралған команда және «Жетісу» футбол клубының негізгі құрамы арасында ойын өтті.  Кәсіби ойыншыларға қарсы балалар командасында облыс әкімі  Амандық Баталов пен оның орынбасары Серік Тұрдәлиев ойнады. Көпшілігі Баталовқа жанкүйер болды.  

Кездесу 7:7 есебімен аяқталды.  Бұл ойында Амандық Баталов төрт гол соқты.

«Бүгінде спорт сүйер жастардың өздерінің сүйікті істерімен айналысуы үшін барлық жағдайлар жасалған, - деді облыс әкімі. - Облыста барлығы 22 стадион және мыңнан астам футбол алаңы бар. Балалар командасы футбол орталықтары мен академия шәкірттері арасындағы республика біріншілігіне қатысады. Жас футболшылар кәсіби спортшыларға айналады деген сенімдеміз.

 Матчтан кейін балалар футбол орталығының шәкірттеріне мыңнан астам футбол формасы мен доптар табысталды. 

 

Хабарламаларға жазылу