Әртістер футбол ойнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әртістер футбол ойнады

01.07.2014
Әртістер футбол ойнады

Бас қаламызға гастрольдік сапармен келген «Ла Скала» театрының ұжымы бүгін қазақстандық әріптестерімен шағын футболдан жарысқа түсті. Қойылымнан кейін спорттық сайыста көңіл серпілту - бұрыннан келе жатқан игі дәстүр.

«Ла Скала» әртістерінің алғашқы кездесуі 1974 жылы Мәскеу қаласында өтіп, содан бері жалғасып келеді. Тіпті, олар Аппенин түбегінде өтетін театр ұжымдары арасындағы біріншілікте талай мәрте топ жарған.

Қонақтарға қарсы «Астана Опера» театрының ұжымы ойнады. Алайда, актерлік өнермен бірге доп тебуді де шебер меңгерген италиялықтар қарсыластарына дес бермеді.

Андреа Виталини, команда капитаны:

Біз бүгін жаңа құраммен кірістік ойынға. Өйткені, әртістеріміздің біразы дайындыққа кетті. Келер жылы театр ұжымдары арасындағы чемпионат Милан қаласында өтеді, «Астана Операның» ұжымын осы сайысқа шақырамын.

Рауан ДИӘЛИ       

Хабарламаларға жазылу