Боливияның көлік жүргізушілері полициямен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияның көлік жүргізушілері полициямен қақтығысты

06.06.2014
Боливияның көлік жүргізушілері полициямен қақтығысты
Боливияның Эль-Альто қаласында жеке көлік жүргізушілері полициямен қақтығысты. Шерушілер үкіметтің қоғамдық көлік саласына бақылауды күшейту жоспарына наразы.
 
Бұлай болған жағдайда, көлік жүргізушілері «жұмыссыз қаламыз», деп қауіптенеді. Сонымен бірге, наразы топ көлікте жүру ақысын көтеруді талап еткен.
 
Шеруге сала қызметкерлерінің жанұя мүшелері де қосылды. Сондай-ақ, студенттер көлік жүргізушілеріне қарсы шеруге шықты.
 
Оларды осы шараның салдарынан жолдардың жабылып, қоғамдық көліктің уақытылы қатынамауы ашындырған. Қарама-қайшы топтардың қақтығысуына жол бермеу үшін полиция оларды таратып жіберді. 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу