Елімізде коммуналдық желілер жаңғыртылмақ
Елордадағы коммуналдық желілерді жаңғырту жұмысына екпін берілмек. Бұл бағытқа 2025-2029 жылдар аралығында 73 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылмақ.
Бес жылдың бедерінде Астана қаласының өзінде 10 шақырымдай жылу желілері салынып, 52 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңартылмақ. Бүгін «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында өткен кеңесте аталған мәселелер жан-жақты талқыланды. Айта кетейік, ұлттық жоба аясында биыл жалпы құны 22,5 млрд теңгеге Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында барлығы 10 жоба қаржыландырылған.
Әлия Мырзағалиева, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры:
Көбіне бізге келіп жатқан жобалардың басым бөлігі жылумен, электрмен және сумен жабдықтау жүйелеріне қатысты. Қазір бұл желілердің тозу деңгейі 63 пайызға, кейбір жерде тіпті 90 пайызға дейін жеткен. Біздің мақсат — тозу деңгейін төмендетіп, осы саладағы субъектілердің жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңсыз ақша шығару ісімен айналысқандар жауапқа тартылады
15.09.2025, 20:48

Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
15.09.2025, 20:03
Жамбыл облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза болды
15.09.2025, 19:55
Елордада Жолдаудың негізгі тұстары сараланды
15.09.2025, 19:52
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды
15.09.2025, 19:50
Алдағы 3 жылда мың мектепте тіс емдеу кабинеті ашылады
15.09.2025, 19:46
Бүгіннен бастап 25 мың жұмыскердің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 19:45
«Орталық-Батыс» жолының бағыты өзгермейді
15.09.2025, 19:40