Брюссельде Еуропалық Одақ - Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің отырысы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде Еуропалық Одақ - Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің отырысы өтіп жатыр

23.11.2018

Шараға Қазақстан, Қырғыз елі, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдерінің сыртқы істер министрлері мен Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини қатысуда. Жиынның басты мақсаты - Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты жаңа стратегиясын талқылау. Жаңа құжат келесі жылы қабылданады. Еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов стратегияға Қазақстан тарапынан бірқатар ұсыныс енгізуді жеткізді. Адам капиталын, жеке кәсіпкерлікті дамыту, заңның үстемдік етуін қамтамасыз ету мен сапалы мемлекеттік басқаруға жаңа құжатта ерекше басымдық берілетін болады. «Қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын тиімді пайдалану мен Ауғанстанды қалпына келтіру сынды аймаққа ортақ проблемалар да жаңа стратегияда ескерілуі тиіс»,-деді Қайрат Әбдрахманов. Қос тарап та ынтымақты бекемдеуге мүдделі.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу