Сенат депутаттарының сайлауына Үкіметтен 92 миллион тенге бөлінбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаттарының сайлауына Үкіметтен 92 миллион тенге бөлінбек

22.05.2017

Мұны бүгін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мәлімдеді. Атап айтқанда, кандидаттардың жолы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөз сөйлеуі мен мақалалары, жол, ғимаратты жалға алу ақысы республикалық бюджеттен қаржыланбақ. Отырыста сайлау бақылаушылары жөнінде де сөз қозғалды. Маусымның 28-де өтетін сайлауға шетелдік бақылаушылар ретінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, ТМД, Түркітілдес мемлекеттер кеңесі, Ислам ынтымақстастық ұйымының өкілдері келмек.

Айта кетейік, 47 сенатордың 32-сін жергілікті мәслихаттар дауыс беріп таңдаса, 15-ін Президент тағайындайды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу