Сенат депутаттығына 79 кандидат ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаттығына 79 кандидат ұсынылды

08.08.2014
Сенат депутаттығына 79 кандидат ұсынылды

Елімізде 1-қазанда өтетін  Сенат депутаттарының сайлауына 79 кандидат ұсынылған.

Олардың ең жасы - 37-де, ең үлкені - 66 жаста.

Кандидаттардың орташа жасы - 53.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлімдеді.

Мамандығы бойынша ұсынылған кандидаттардың 29-ы - инженер, 12-і - экономист, 11-і - оқытушы, 11-і ауыл шаруашылығы қызметкерлері, 10-ы - дәрігер, 4-еуі - заңгер, қалған 2-еуі басқа мамандық иелері.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу