Сенат депутаттарын ұсыну аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаттарын ұсыну аяқталды

02.09.2014
Сенат депутаттарын ұсыну аяқталды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауына кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Сенаттың депутаттығына республика бойынша 88 кандидат ұсынылды.

Салыстыра айтсақ, 2008 жылы Сенаттың кезекті сайлауына 88, ал 2011 жылы 92 кандидат ұсынылған болатын.

Айта кетейік, үміткерлердің үгіт жұмыстары 12-29 қыркүйек аралығында өтеді.

Руслан ЖЫЛҚЫБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу