Басты Жаңалықтар Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына барды.

Сапар аясында Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының Қазақстанның үшінші жаңғыруы атты Жолдауын іске асыру барысын тексереді. Премьер-Министр бағдарламасында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды, өндірістік компанияларды, білім беру мекемелерін және тұрғын-үй нысандарын аралау жоспарланған.

Компаниялар, мемлекеттік органдар және салалық құрылымдардың басшыларымен кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» тұрғын-үй құрылысы бағдарламасының іске асырылу барысын және ел экономикасының, жалпы құрылыс саласының келешегін талқылайды. Бұдан өзге, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесімен және Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен іскерлік кеңес өткізу жоспарланған.

Бөлісу