Жас механизатор: Биыл күзгі науқанды аяқтап, мол өнім алдық
Қызылорда облысындағы Сырдария ауданы Шаған ауылының шаруалары күзгі орақ науқанын толағай табыспен аяқтады. Күріш алқаптарын орып, қамбаны дәнге толтыруға жас механизатор Айбек Уәлиевтің қосқан үлесі зор. 16 жасынан бастап техниканың тілін меңгерген қарапайым жұмысшы бүгінде еңбек озаты, ауыл мақтанышы. Жастық жігерімен туған жерінің ризық-несібесін арттырып, көпке үлгі болған механизатормен тілшіміз тілдесіп келді.
Айбек Уәлиев, механизатор:
Бала күнімде әкем трактор айдады. Соның қасында отырып, қасында жүріп қызықтым. 8-9 сыныпта ағам айдайтын. Сол кезде қасында отырып, айдап үйреніп, 15-16 жасымда атыздың ішінде айдап көрдім. Содан өзім оқу бітіріп, аграрлық техника мамандығына түсіп, соны бітіре сала, 2019 жылдан бері бірден техникаға келіп, содан бері тізгіндеп жүрмін. Қазір, міне, трактор, комбайн айдаймын. Қызмет етіп жатырмыз.
Айбек Уәлиев, механизатор:
Биыл күзгі науқанды аяқтап, жақсы өнім алдық. Жауын-шашынға, ауа райының қолайсыздығына қарамай. Техникалардың, механизаторлардың арқасы күн-түн демей, ауа райына қарамай, салқын демей, бәрін жүргізіп, тоқтамай жақсы орып жинап үлгердік.. Осы бір кішкене шаруашылықтың өзі ауылға көп көмегін тигізіп отыр. Күріші бар, малдың жемі бар, басқа да жұмыстары бар.
Айбек Уәлиев, механизатор:
Ауыл - алтын бесігіміз ғой. Жастар келіп, қазір жұмыс істеп, ауылды дамытып көтермесе, кім келеді. Болашақ жастардың қолында ғой. Болашақта жұмыс істейтін. Қуанамын. Өзім таңдап келген мамандығым. Ауылда өстік, осы ауылда қаламын деген шешімге келдім өзім. Бала кезден бастап сол ой менде. Ауылымыз үшін еңбек етеміз.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16