Ерлан Қарин: Конституция – бұл саяси құндылықтар мен принциптердің тұжырымдамасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин: Конституция – бұл саяси құндылықтар мен принциптердің тұжырымдамасы

02.03.2017
Ерлан Қарин: Конституция – бұл саяси құндылықтар мен принциптердің тұжырымдамасы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі конституциялық реформаларға қатысты ҚР Конституциясының 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынған болатын.

Осыған байланысты саясаттанушы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында өз пікірін білдірді.

«Конституция бұл тек қана құқықтық нормалардың жиынтығы емес, бұл ең бастысы, саяси құндылықтар мен принциптердің тұжырымдамасы, ұлттың саяси манифесі. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл реформалар - сол енгізілетін өзгерістерден басқа, дамудың жаңа парадигмаларын айқындайтын сияқты.

Оның бірі, Елбасы өз сөзінде айтқанындай, қоғамда принципиалды мәселелер бойынша консенсус, келісім болуы қажет. Бүгін осы қағидат тағы да көрініс тапты. Сондықтан, бұл реформаларды жай Конституциялық өзгерістер деп емес, мемлекеттік саясаттағы парадигмалық өзгерістер деп қабылдау қажет», - деп жазады Ерлан Қарин Фейсбук-тегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Конституцияның 26-бабын Президенттің өзі өзгеріссіз қалдыруды ұсынды.


inform.kz

Хабарламаларға жазылу