Ұлттық құрылтайда Президент жалпыұлттық құндылықтардың нақты тізімін ұсынды - Е.Қарин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құрылтайда Президент жалпыұлттық құндылықтардың нақты тізімін ұсынды - Е.Қарин

19.03.2024

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Президент жалпыұлттық құндылықтардың нақты тізімін ұсынды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Телеграм каналында осылай деп пікір білдірді.  

«Бұл – Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық. Осы құндылықтар тұғырнамасы мемлекеттің білім беру саласындағы, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі және мәдени-ағарту жұмысындағы басты бағдары болады»,- деді Ерлан Қарин.  

Хабарламаларға жазылу