Саяси менеджмент академиясы «Жас саясаткер мектебі» апталық оқыту бағдарламасын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси менеджмент академиясы «Жас саясаткер мектебі» апталық оқыту бағдарламасын аяқтады

06.12.2022

«Amanat» партиясының Саяси менеджмент академиясы «Жас саясаткер мектебі» апталық оқыту бағдарламасын аяқтады. Алғашқы лекке еліміздің барлық аймғынан 50 адам қатысты. Олар көпшілік алдында сөз сөйлеу, саяси коммуникация, жобаларды басқару, көшбасшылық бойынша тренингтер, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі саяси құрылымы туралы сабақ өтті. Сонымен қатар Парламент қабырғасында болып, депутаттармен кездесті.

Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

Осы 7 жылда жастар саясатының тұжырымдамасы түбегейлі өзгереді. Жалпы қазіргі принциптердің бірі ол жастар үшін емес, жастармен бірге әділетті Қазақстанды құрамыз деген ниет деп түсінуге болады.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу