Е.Қарин: 2023 жыл еліміз үшін тың бастамаларға толы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Қарин: 2023 жыл еліміз үшін тың бастамаларға толы болды

29.12.2023

Өтіп бара жатқан 2023 жыл еліміз үшін тың бастамаларға толы болды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм парақшасында осылай деп жазды.

«Бірінші жартыжылдықта былтыр басталған саяси реформалар іске асырылды. Атап айтқанда, Конституциялық Сот жұмысын бастады, Парламент Сенатының сайлауы өтті, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі күшейтілді. Екінші жартыжылдықта мемлекеттік саясатта жалпыұлттық құндылықтар жүйесін қайта қарауға басымдық берілді. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға кірісті. Саяси реформаларға қарағанда, бұл жерде заңнаманы өзгерту немесе жаңа институттар құру жеткіліксіз. Бұл – кезең-кезеңімен, біртіндеп жүзеге асырылатын табиғи үдеріс. Жаңа қоғамдық этика жаңарған ұлттық менталитеттің негізі болуы үшін оған бағыт-бағдар беріп отыру керек. Міне, дәл осы мәселе алдағы 2024 жылы қоғам назарында болуы мүмкін», – деді ол.


Хабарламаларға жазылу