Қазақстанның экспорттық тауарларының бағасы тұрақталуда - К.Мәсімов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның экспорттық тауарларының бағасы тұрақталуда - К.Мәсімов

17.06.2016
Қазақстанның экспорттық тауарларының бағасы тұрақталуда - К.Мәсімов

Қазақстанның экспорттық тауарлары бағасының тұрақталуын байқап отырмыз. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2015 жылдың желтоқсанынан бастап бүгінгі күнге дейін Елбасының тапсырмасымен Үкіметпен, Ұлттық банкпен, облыс әкімдерімен, ұлттық компаниялар мен холдингтердің басшыларымен экономикадағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған үлкен жұмыстар атқарылды. Естеріңізге сала кетсем, 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан экспортқа шығаратын негізгі тауарлардың - мұнай, мұнай өнімдері, шикізаттардың бағасы күрт құлдырап кеткен болатын. Шындығын айтқанда, төмен нүктедегі мұндай баға конъюктурасына орай зор қауіп те болған еді. Сондықтан біз сіздерге жүгіндік. Сіздер қолдау көрсеттіңіздер. Біз болған жайтқа қаржылық мүмкіншіліктерімізді бейімдеу үшін 2016 жылдың бюджетін қайта қарадық. Қазір өткір фаза белгілі бір деңгейде өтіп бара жатыр. Мұнай бағасы бареліне 50 АҚШ долларына жақындап қалғанын көріп отырмыз. Бірде көтеріледі, бірде түседі. Басқа да шикізаттардың бағасы белгілі бір деңгейде тұрақталу үстінде», - деді Үкімет басшысы.

Хабарламаларға жазылу