Азық-түліктің қымбаттауына жол берген шенеуніктер жазаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түліктің қымбаттауына жол берген шенеуніктер жазаланады

02.03.2021
Азық-түліктің қымбаттауына жол берген шенеуніктер жазаланады

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 2,4%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

«Бәрінен бұрын импортқа тәуелді өнімдердің, жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлардың, сондай-ақ маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде қымбаттайтын көкөністің бағалары қымбаттады. Олардың жалпы өсімге қосқан үлесі 2 пайыздық тармақты құрады», - деді министр.

Айтуынша, азық-түлік тауарларының бағасы өндірісі мен тұтыну теңгеріміне ғана емес, сондай-ақ импортталатын және экспортқа жіберілетін өнімнің үлесіне де байланысты. Мұндай ағындар сыртқы нарықтардың бағаларын ішкі саудаға әкеп соқтырады. Осы орайда министр Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлік атқарушы органдармен бірлесіп, импортқа тәуелді тауарлар бойынша ғана емес, сондай-ақ экспорттың жоғары үлесі байқалатын өнімдер бойынша да өндірісті барынша ұлғайтуы қажеттігін айта кетті.

«Екіншіден, тұрақтандыру қорлардың көлемі жеткілікті емес, яғни 3,7 млрд теңгеге 25,4 мың тонна қалыптасқан. Олардың интервенциясы жалпы тұтынудың 0,2 процентінен 1,4 процентіне дейін құрайды. Бұл іс жүзінде бағаға тиісті әсер етпейді.

Үшіншіден, нарықтық құралдар өздерінің тиімділігін көрсетті. Бұл форвардтық сатып алу және «айналым схемасы». Бүгінгі таңlа жергілікті бюджеттерден 21,9 млрд теңге бөлінді», деп толықтырды Сұлтанов.

Министр әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру бойынша өңірлердің жауапкершілігіне де тоқталды.

«Олардың жұмысын талдау қорытындылары бойынша Министрлік 1-тоқсанда атқарылған жұмыс туралы ақпарат енгізеді және шаралардың нақты нәтижелері болмаған жағдайда біз әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарларын жауапкершілікке тарту туралы мәселеге бастамашы боламыз», - деді ол.
Үкімет азық-түлік тауар бағасы

Хабарламаларға жазылу