Шекара қызметі академиясының далалық оқуды қамтамасыз ету басқармасында оқу-жаттығу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекара қызметі академиясының далалық оқуды қамтамасыз ету басқармасында оқу-жаттығу өтті

06.08.2019

Шекара қызметі академиясының  далалық оқуды қамтамасыз ету басқармасында оқу-жаттығу өтті.

Академияға оқуға енді қабылданған курсанттарды шыңдауға арналған Қаройдағы көрсетілім сабақтары ұрыс тәсілдеріне ұқсатылып жасалған. Сондықтан тәлімгерлер шекара шебіндегі қорғаныс жағдайының қандай болатынын осы жерден көріп сезінді. Шара барысында жас сарбаздарға Мемлекеттік шекарада жиі пайдаланылатын байланыс және инженерлік құрылғылар, азық-түлік, шекарашылар киетін киім-кешектің түрлері таныстырылды. Сондай-ақ қызмет аттары мен қызмет итінің қосымша құрал-жабдықтарын қалай пайдалану керек екендігі түсіндірілді. Осы себепті, «Бұл болашақ сарбаздар үшін үлкен сабақ болды»,- дейді шараны ұйымдастырушылар.

 

Еділ Қуатұлы, Шекара қызметі академиясының курсанты:

Бүгінгі көрсетілім сабақтарынан алған әсерім өте жоғары. Енді алдымдағы мақсатым осы бүгінгі көрсеткен заманауи техникаларды ұғынып, шекара қызметі академиясының офицері болып шығу және де Қазақстан еліне, Қазақстан халқына өзімінің офицерлік үлесімді қосқым келеді.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу