Браконьерлерге қатысты заңды қатаңдату мәселені толыққанды шешпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Браконьерлерге қатысты заңды қатаңдату мәселені толыққанды шешпейді

25.07.2019

Браконьерлерге қатысты заңды қатаңдату мәселені толыққанды шешпейді. Табиғатты қорғау саласында қордаланып қалған түйіткілдер жетерлік. Қаңтар айында қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің жақын досы, әрі туыстарының құқығын қорғап жүрген Ғалымжан Тәуекелов осылай деп пікір білдірді. Жыл басынан бері болған екінші қайғылы жағдайға байланысты ол құзырлы органдар мен министрліктердің атына мәлімдеме жасады. Оның пікірінше, браконьерлер бұл ұйымдасқан қылмыстық топ. Олар ақбөкендердің мүйізін қара нарық арқылы шетелге асырады.  Прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті олардың жолдарын жауып, қолға түсірмей, қорықшылардың өміріне төнген қауіп еш сейілмек емес. Сондай-ақ Тәуекелов табиғатты қорғаушы инспекторлар браконьерлерді құрықтаумен айналыспау керек деп есептейді. «Қорықшылар тек оларды анықтап, құзырлы органдарға хабарлауы керек»,- дейді ол.

 

Ғалымжан Тәуекелов, марқұм Ерлан Нұрғаливетің досы:

Олардың бәрі жекелей адамдар емес. Бұл ұйымдасқан қылмыстық топ.  Заңсыз аулауға шыққандар  киіктердің мүйізін кесіп алып кетеді. Яғни оны контрабандалық жолмен сатады деген сөз. Браконьерлер бір күнде жүзден аса жануарды атып тастаған кездер болған.  Соңғы жағдайларға байланысты бұл қылмыстық топтардың арасында өзара аумақтарды бөлу бойынша жанжал шығып кетуі де мүмкін.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу