Басты Жаңалықтар Ақтөбеден 25 тоннаға жуық азық-түлік пен басқа да керек-жарақ тиелген екі жүк көлігі Түркістан облысына жолға шықты

Ақтөбеден 25 тоннаға жуық азық-түлік пен басқа да керек-жарақ тиелген екі жүк көлігі Түркістан облысына жолға шықты

Арысқа көмек! Бүгін Ақтөбеден 25 тоннаға жуық азық-түлік пен басқа да керек-жарақ тиелген екі жүк көлігі Түркістан облысына жолға шықты.

Өңірдегі мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындардан түскен 8 миллион теңге қаржыға су, көкөніс, консервіленген тағамдар мен балаларға қажетті бұйымдар алынған. Одан бөлек Арыс қаласындағы бұзылған үй-жайларды қалпына келтіру үшін 20 миллион теңгеге құрылыс бұйымдарын жеткізу жоспарланған. Алайда, Түркістан облысындағылар ол көмекті қаржылай беруді сұраған. Әзірге ол мақсатқа 5 миллион теңге жіберіледі. Алдағы уақытта қосымша көмек болады. Сондай-ақ, Ақтөбедегі лагерьлер арыстық 100 баланың демалуына жағдай жасауға дайын.

 

Рахат Сыдықов, Облыс әкімінің орынбасары:

 

Шымкент қаласына дейін барады. Арысқа, әрі қарай жол жабық. Сондықтан Шымкент қаласының бойындағы қоймаларға бәрі жиналады. Сосын әрі қарай керекті адамдарға сол жақта құрылған штабтардың өздері тарататын болады.

 

Ал, «Nur Otan» партиясы ғимаратында көмек көрсету бекеті ашылды.  Арыстықтардың жағдайына жандары ауырған Ақтөбе жұртшылығы ол жерге өткен түннен бері келіп, қолдарынан келген көмекті беріп жатыр.

 

Асылжан Бүркіталин, Көмек көрсету бекетінің жауапты өкілі:

 

Қала тұрғындары белсенді түрде қол ұшын беруде. Түнгі үшке шейін көмектерін берген болатын. Сол алғашқы жиналған гуманитарлық көмектің бірінші кезегін осы қазір Арыс қаласына жіберейін деп жатырмыз. Хабарласып жатқан тұрғындар көп. «Қалай көмек берсек болады, бірінші кезекте ақзықүлік қажет пе, басқа нәрсе қажет пе»,- деп сұраушылар көп.

Жақсыбек КЕМАЛ

 

 

 

 

Бөлісу