Бүгін Мемлекет басшысы Израильдің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Биньямин Нетаньяху Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті қызметіне кірісуімен құттықтап, ел игілігі жолында табыс тіледі.
Екі елдің басшылары екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, қорғаныс технологиясы саласындағы ынтымақтастық үшін жақсы мүмкіндіктердің бар екенін айтты.