Үндістан мен Пәкістан премьер-министрлері Президентті құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістан мен Пәкістан премьер-министрлері Президентті құттықтады

22.11.2022

Үндістанның премьер-министрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Нарендра Моди өзінің твиттерінде Қазақстан Президентін құттықтай отырып, екі ел арасындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыруға асық екенін жазды. Ол екі мемлекет арасында ынтымықтастық одан әрі нығая түсеріне сенім білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті. Шахбаз Шәріп Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Ал Президент Пәкістан премьер-министріне ризашылығын білдіріп, Пәкістан Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі екенін жеткізді.


Хабарламаларға жазылу