Мемлекет басшысы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті

21.11.2022

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

Қазақстан Президенті Бакуге ресми сапары кезінде қол жеткізген уағдаластық екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты нығайтуда басты бағдар болатынын атап өтті. Тараптар қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөніндегі бірлескен міндеттерді талқылады.

Режеп Тайип Ердоған да Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентінің құттықтауы мен ізгі тілектері үшін шынайы алғысын білдіріп, бұған дейін қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтардың маңызды екенін атап өтті. Олар бауырлас елдердің ортақ мүддесіне сай келетін тың бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Пәкістан премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Шахбаз Шарифке құттықтауы үшін ризашылығын білдіріп, Пәкістан Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды дамып келе жатқаны, энергетика және көлік секторларындағы ынтымақтастықтың кеңейе түскені атап өтілді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу