Ақтөбеде ұялы телефон сататын дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған екі тұрғын ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде ұялы телефон сататын дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған екі тұрғын ұсталды

20.06.2019

Оқиға күні кеше болды. Шернияз және Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан нысанға бірі пышақпен, екіншісі газ тапаншасымен қаруланған адам кіріп келген.

 

Күдіктілердің бірінде бетперде болған. Олар дүкен қызметкерлерін қорқытып, 40-тан аса «айфонды» алып кеткен. Полицейлер күдіктілерді оқиғадан соң екі сағаттан кейін қала орталығындағы көшелердің бірінен ұстады. Көліктің жүк салғышынан ұрланған телефондар тәркіленді.

 

Ерболат Сарқұлов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

 

Көлікте 20 және 22 жастағы екі жігіт болды. Автокөлікітің жүк салғышынан 43 дана айфон маркалы ұялы телефон тәркіленді. Сонымен қатар газ тапаншасы мен пышақтар табылды. Күдіктілер құрықталды. Осы фактілер бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабына сәйкес қылмыстьық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу