Базар маңына және орталық алаңға жайғасқан тәртіп сақшылары тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, жөн сілтеп, көмек қолын созуда.
Ай сайын өтетін акцияның мақсаты — халықты ақпараттандыру. Полициейлер азаматтарға жол қозғалысы ережелерін түсіндіреді. Автокөліктерді тіркеу, көші-кон мәселелері бойынша да жан-жақты мағлұмат береді.
Ғалымжан Әшіров, облыстық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:
Азаматтардың көп қоятын сұрақтары: автокөліктерін қайта жабдықтау, яғни газ құрылғысымен жүру жанар-жағар май, жүргізуші куәліктерін алу, алыс-жақын шетелге шығу, яғни көші-қон бойынша. Және әкімшілік практикадағы сауалдар, полиция қызметкерлерімен салынған айыппұлдарды төлеу, және қандай жеңілдіктер алуға қатысты сұрақтар.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ
