Алматыда «Жолда қабылдау» акциясы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жолда қабылдау» акциясы жалғасуда

19.08.2019

Алматыда Ішкі істер департаменті өкілдерінің бастамасымен «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр. Шараның аясында көші-қон басқармасының мамандары мен жергілікті полицейлер әр жерлерде тұрғындарға түрлі тақырыпта кеңес беруде.

Аталған бастама ірі мегаполисте айына екі рет жүргізіледі. Полицейлер бүгінде бұл істі Мамандандырылған арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында өткізіп жатыр. Олардың айтуынша, тұрғындар көбіне көлікті тіркеудің және жүргізуші куәлігін алудың жолдары туралы сұрайды. Мәселен, соңғы акция кезінде мыңнан астам түрлі сауалдар қойылған. Ұйымдастырушылар осындай игі шараны Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан бөлек, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында да өткізуде. «Халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берумен қатар, мәселелердің шешілу жолдарын да қарастырамыз», - дейді олар.

Жандос Мұратәлиев, ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

Сұрақтардың көбі жол қозғалысына байланысты түсіп жатыр. Мысалы, Алматы қаласында тұрғындарға жол белгісін қойып беру керек немесе жол сызбаларын сызып беру керек. Қосымша бағдаршам орнатып беру. Осы төңірегінде сұрақтар көп.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу