Ақтөбелік полицейлер Марат пен Мират Қарымсақовтар көпке үлгі
Ең алғашқы полиция жасағы 1829 жылы Лондон қаласында пайда болды. Оны ағылшын саясаткері Роберт Пиль мемлекеттік орган ретінде тіркеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға бағыттады. Содан бері бірнеше ғасыр өтті. Бүгінде полиция мамандығының беделі артып, қатары толықты.
Ақтөбелік Қарымсақовтар отбасын тәртіп сақшыларының династиясы деуге болады. Себебі, бұл үйдегі ер азаматтардың барлығы дерлік құқық қорғау саласында еңбек етеді. Ал үйдің егіздері Марат пен Мират өзгелерге үлгі болып жүр. Шен таққан егіздермен аймақтағы тілшіміз Жақсыбек Кемал жүздесіп қайтты.
Марат құқық қорғау саласында он жылдан бері қызметте. Бірнеше жыл тергеуші болған. Нәтижелі жұмысының арқасында мақтаулы маман атанды. Қазір полиция департаментінің аға инспекторы. Адамға көмектесу – оның өмірлік ұстанымы, басты борышы.
Марат Қарымсақов, Полиция департаментінің аға инспекторы:
Өзінің жинаған шамалы зейнетақысын ұрлап кеткен. Ол зейнеткер болғасын, зейнеткер адамдарға көмектеспесек, өзімізді полиция қызметкері деп қалай санаймыз? Сол себепті, 2 сағаттың ішінде қасымда қызметкерлер бар, қылмыскерді ұстап, апайға ұрланған ақшасын, бәрін қайтарып...
Мараттың сыңары – Мират та еңбегінің арқасында аз уақытта мақтаулы маман атанды. Полиция майоры қазір қалалық Полиция басқармасы, анықтау бөлімінің бастығы. Егіздер жұмыс барысында жиі жүздесіп қалатындықтан, әріптестері оларды ажырата алмай жатады екен. Бірақ бұл ұқсастықтары оларға ешқашан кедергі келтірген емес.
Мират Қарымсақов, қалалық Полиция басқармасы Анықтау бөлімінің бастығы:
Абыройлы жұмыс. Ойлайтыным – ішкі істер органдары, жас балаларға айтатын сұхбатым бар – ешқандай қорықпасын. Келіп, Ішкі істер органында жұмыс істесін. Сырттай айта береді. Негізі ол погонды әр адам кие алмайды. Ол ең басынан тәрбиеге үйретеді.
Гамил Қарымсақов ұзақ жылдар бойы прокуратурада еңбек еткен.
Оның бауыры да құқық қорғау саласында қызметте. Осылайша, бұл әулеттің азаматтары өмірлерін ел тыныштығын қорғауға арнаған.
Гамил Қарымсақов, Прокуратура саласының ардаргері:
Інім де бар. Ол Астанада, Ол да Ішкі істер бөлімінде жұмыс істеген. Қазіргі жастарға мен өте ризамын. Неге десең, біздің болашағымыз - жастар. Біз барлық нәрсені осы жастардан сұраймыз.
Бибігүл Қарымсақова, зайыбы:
Заңгердің жолдасы болу, жары болу өте қиын. Өйткені, олардың жұмысы мезгілсіз. Демалыс деген жоқ. Күні-түні жүреді. Соған әйел адамның біраз шыдамдылығы керек. Төзімділігі керек.
Егіздер бұл саланы таңдағандарына ешқашан өкінген емес. Әріптестері де оларды адал қызметкер ретінде құрмет тұтады.
Жақсыбек КЕМАЛ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
