Ауқымды шараның нәтижесінде бас-аяғы 25 тоннадан астам балық тәркіленді. Оның 3 тоннасы бағалы су маржандарына тиесілі. Сондай-ақ заңсыз тасымалдаушылардан 5 келідей қара уылдырық алынды. Науқан барысында аймақта табиғат қорғау заңнамасын бұзған 916 дерек тіркеліп, 637 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазірдің өзінде Атырау облысы бойынша 10 қылмыстық іс сотқа жіберілді және 5 құқық бұзған азаматқа қатысты сот үкімі шықты.
Серік Жанұзақов, облыстық полиция департаменті су полициясы бөлімінің басшысы:
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағандарға 2 миллион 800 мың теңгедей айыппұл салынса, соның 1 миллион 600-і өндірілді. Яғни, пайыздық 54-55 %-ды құрайды. Әлде де мемлекетке келтірілген шығындарды өндіру жұмыстары жүргізіледі.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ