Басты Жаңалықтар Үш футбол клубы жекешелендіріледі

Үш футбол клубы жекешелендіріледі

Қарашаның соңына дейін қазақстандық үш футбол клубы жекенің қолына өтеді. Бұл туралы Үкімет отырысында белгілі болды. Футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория 7 қарашада Петропавлдың «Қызыл-Жарын» жекешелендіру аяқталады деді. Инвестор жыл сайын клубтың дамуына, инфрақұрылым мен жас ойыншыларды оқытуға кемі 1 миллиард теңге құюға міндетті. Ал «Жеңіс» клубы қарашаның 15-іне дейін заңды тұлғағаның иелігіне өтеді. Қала әкімдігі инвесторға заманауи футбол академиясын салу үшін жер телімін берген. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 16 миллиард теңге. Қарағандылық «Шахтёрдің» мүлкін бағалау аяқталды. Енді қоғамдық тыңдау өтеді. Кейін аукцион ұйымдастырылмақ. Инвестиция көлемі 18 миллиард теңге. Премьер-министр әкімдерге футбол клубтарын жекешелендіруге инвесторлар тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.


Бөлісу